Бұқтырма су қоймасында 24 адам отырған катер суға батып кетті

701

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасында дауыл кезінде 24 адам отырған катер суға батып кетті. Абырой болғанда, олардың барлығы құтқарылды, деп жазады inbusiness.kz.

Бұқтырма су қоймасында 24 адам отырған катер суға батып кетті

Төтенше жағдай 17 шілде күні сағ. 19.00-де "Аюда" демалыс базасынан үш километр жерде болған.

"Секундына 20 метрге жететін қатты желдің салдарынан дауыл соғып, "Садко" демалыс базасынан "Аюда" базасына бағыт алған жолаушылар кемесі батып кеткен. Бортта 24 адам, оның ішінде 21 жолаушы және команданың үш мүшесі болды", – деп түсініктеме берді ШҚО Төтенше жағдай департаменті.

Суға батып бара жатқан кемедегі адамдарға демалушылар – Асқар Сайлаубаев, Дәулет Сайлаубеков, Дамир Мұхамадиев, Сұлтан Тайжанов көмекке келген. ТЖД бұл азаматтардың оқиға орнына өз гидроскутері мен катерінде жеткенін, ең алдымен балаларды судан шығаруға көмектескенін растады. Одан соң екі рейс жасап, қалған адамдарды жағаға жеткізген. 

"Барлығы 21 жолаушы, оның ішінде 9 бала, сонымен қатар команданың мүшелері "Аюда" базасында орналастырылды. Олардың жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмекке мұқтаж емес. Барлығына қажетті көмек көрсетіліп, тамақпен қамтамасыз етілді. Департамент қызметкерлері жолаушылардың заттарын жағалауға жеткізді", – деп ведомство хабарлады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу