Былтыр 84 жол бөлігі мердігердің есебінен жөнделген

421

ҚР Президенті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қоғамның тартылуын арттыру жөніндегі бастамаларын іске асыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп жол құрылысы сапасының мониторингін жүргізу үшін "Әділетті талап ет!" республикалық акциясы өткізілді.  

Былтыр 84 жол бөлігі мердігердің есебінен жөнделген Фото: ortcom.kz

Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі Дидар Смағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Өткен жылдың өзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен өзге де ҮЕҰ тарта отырып, 271 нысан бойынша автожолдарда рейд жасалды. Нәтижесінде, 84 жол бөлігін бюджет қаражатын қосымша тартусыз мердігер есебінен жөндеуден өткізілді. Сондай-ақ рейд нәтижелері бойынша 3 қылмыстық іс қозғалды, жауапты органдардың 12 өкіліне әкімшілік айыппұл салынды. Бұдан бөлек, сыбайлас жемқорлықтың салдарымен ғана емес, алдын алу шараларымен де жұмыс басталды. Бұл саладағы мәселелерді қадағалайтын мемлекеттік органдармен талқылағаннан кейін энергетика вице-министрінен жол битумын Ресей Федерациясынан тікелей әкелу туралы уәде алынды. Бұл бірқатар делдал монополистерді айналып өтуге және нарықта қолайлы бәсекелестік тудыруға септігін тигізеді. Ең қарапайым есептеулер бойынша, мұндай делдалдық фирмалар жол салушыларға арналған битумды қайта сатудан жылына 154 млрд теңге табыс тапқан", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі.

 Сонымен қатар ҚР ИИДМ Көлік комитетімен бірлесіп, заңнаманы жетілдіру бағытында ауқымды жұмыс атқарылды. Қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу