banner

Былтыр еліміз Түркіменстаннан 192 млн долларға газ сатып алды

738

Былтыр еліміз Түркіменстаннан 192 млн долларға газ сатып алды

Былтыр Қазақстан менТүркіменстанмен арасындағы тауар алмасу 283,5 млн долларды құрады деп хабарлайды LS.

Мемлекеттік кіріс комитетінің мәліметіне сүйенсек, 2015 жылғы көрсеткішпен салыстырсақ, екі елдің өзара саудасы 59%-ға өскен.

2016 жылы Түркіменстанға экспортталған тауар 69,1 млн доллар болған. Қазақстан 13,7 млн долларға барий сульфатын, 11,3 млн долларға ұн, 7,1 млн долларға қызылмия сығындысын, 2,8 млн долларға вагон сатқан. Сонымен бірге 2,1 млн доллардың пластмасса бұйымдарын және 1 млн доллардың қозғалтқыштары саудаланған.

2016 жылы Қазақстанға Түркіменстан 214,4 млн доллардың тауарын импорттаған. Оның 192 млн доллары газ сатып алуға жұмсалған. Сонымен бірге 5 млн долларға кеме және қайық, 4,4 млн долларға құбыр және 2,1 млн долларға  қозғалтқыштар сатып алынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу