Целлофанға оралған "мәйіт" қаша жөнелді

544

Екібастұз қаласының тұрғыны ауладан целлофанға оралған адамды көріп, полицияға хабарлаған.

Целлофанға оралған "мәйіт" қаша жөнелді

Екібастұзда қызық жағдай орын алды. Екібастұз қаласының бір тұрғыны әдеттегідей таңертең сағат 07.00-де итін серуендету үшін далаға шыққанда, ауладан целлофанға оралған адамды көреді. Адамнан тіршілік белгісі байқалмаған соң, бірден полицияға хабарлауды ойлайды. Өзімен бірге телефоны болмағандықтан, ол жақын жерде орналасқан автотұрақ қызметкерлерінен полицияға хабарлауды сұрады. Оқиға орнына жеткен полицейлер целлофанды ашып жатқан кезде, кенет "мәйіт" орнынан тұрып жүгіре жөнелді.

Белгілі болғандай, ішімдік ішкен ер адам үйіне жете алмай, целлофанды жамылып, ұйықтап қалған екен.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу