Цифрлық картада 6 миллион отбасы мен олардың 19 миллион мүшесі туралы ақпарат жинақталды

520

2025 жылға қарай Цифрлық карта әлеуметтік, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы мемлекеттік кепілдіктердің барлық түрін қамтитын болады. 

Цифрлық картада 6 миллион отбасы мен олардың 19 миллион мүшесі туралы ақпарат жинақталды

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап әлеуметтік-еңбек саласындағы 5 қызмет бойынша жоба пилоттық режимде іске қосылды. Бір айға жетпейтін уақыт ішінде "Цифрлық отбасы картасы" арқылы 5 мың азаматқа проактивті форматта мемлекеттік қолдау шаралары тағайындалып үлгерді", – деп хабарлады ЕХӘҚМ басшысы.

Министр жыл соңына дейін қызметтер тізімі кеңейтілетінін атап өтті.

Тамара Дүйсенова балалы отбасыларды қолдау ұлттық саясаттың басымдығы болып қала беретінін баса айтты.

Үкімет пен Ұлттық банк Мемлекет Басшысының 2024 жылдан бастап "Балаларға арналған ұлттық қор" жобасын іске қосу туралы бастамасын іске асыру тетігін әзірлеуде.

Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша бала күтімі бойынша төлем мерзімін 1 жастан 1,5 жасқа дейін ұзарту бұл жұмыс істейтін ата-аналарға да, жұмыс істемейтін ата-анаға да қатысты болады.

"Бүгінде 552 мыңға жуық жұмыс істейтін және 60 мыңнан астам жұмыс істемейтін ата-ана бар. Бұл ретте жұмыс істейтін ата-аналарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан олардың жалақысының 40 пайызы мөлшерінде төлем төленетін болады.Жұмыс істемейтін ата-аналар және бала туғанға дейін соңғы екі жылда 6 айдан аз еңбек өтілі бар адамдар жәрдемақы мен төлемдерді тек мемлекеттік бюджет есебінен алуға өтініш бере алады.Осы мақсаттарға республикалық бюджетте қосымша 183,5 млрд теңге қарастырылады", – деп түсіндірді ЕХӘҚМ басшысы.

Министр балалы отбасыларды әлеуметтік қолдауды күшейтуге бағытталған бірқатар қосымша шаралар Әлеуметтік кодексте де қарастырылғанын айтты:

- "Наградталған аналар" жаңа мәртебесін енгізу және 7 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген аналарға төленетін жәрдемақы мөлшерін арттыру (7,4 АЕК-ке дейін);

- 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдік берілген әлеуметтік пакетті монетизациялау 190 мыңнан астам АӘК алушы отбасына әсер етеді. Бұл ата-аналарға баланың жеке қажеттіліктеріне негізделген өнімдерді өз бетінше сатып алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы айқындап берген басымдықтар аясында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі қайта қаралды.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғырту мыналарды көздейді:

- қызметтерді проактивті көрсетуге көшу, мүгедектікті анықтаудың сырттай түрін енгізу;

- Порталды пайдаланушылардың әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарын, әлеуметтік қызметкерлерді және техникалық оңалту құралдарын өз бетінше таңдау мүмкіндігімен Әлеуметтік қызметтер порталын одан әрі жетілдіру;

- мүгедектігі бар адамдар тұратын отбасы мүшелерін жеке көмекшілер ретінде тарту. Олардың еңбегіне ақы төленеді, әлеуметтік аударымдар жасалады, зейнетақы тағайындау кезінде осы қызметі еңбек өтіліне есептеледі;

- әсіресе, ауылдық жерлерде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін шағын ұйымдар ашқан жеке сектор субъектілеріне мемлекеттік тапсырысты кеңейту арқылы мектеп-интернаттарды шағындап бөлшектеу.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу