Delta Bank-те салымшылардың 92 миллиард теңгесі жатыр

712

Delta Bank-те салымшылардың 92 миллиард теңгесі жатыр

Дельта банктің салымшылары жинаған ақшасын жақын арада ала алмайды. Ол үшін бірінші банкті тарату туралы сот шешімі шығып, ол күшіне енуі керек. Одан кейін 14 күн ішінде депозиттерге кепілдік беру қоры Дельта банк салымшыларының ақшасы аударылатын қаржы ұйымын анықтайды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Бұл банк қазір жабылу алдында тұр. Бұған дейін бірнеше рет "қара тізімге" ілінген мекеменің қызметін Ұлттық банк тоқтатып тастады. Өйткені, ондағы ақша аударымдарына қатысты заңбұзушылық ретке келтірілмеген.
Дельта банк қорында жеке және заңды тұлғалардың 92 миллиард теңгеге жуық қаржысы жатыр. Оның 126 миллионы қарапайым адамдардың жинаған ақшасы. 

"Депозит теңгемен сақталған болса, кепілдік беру соммасы 10 миллион теңгеден аспайды. Ал, Дельта банкте жинаған ақшасы одан асып кететін бірнеше клиент бар. Олар кепілдікке кірмейтін қаржыны банкті тарату комиссиясына шағымдану арқылы қайтарады", - дейді "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының" төрағасы Бақыт Қоғылов.

Дельта банкте ақшасын сақтағандардың дені компаниялар. Ал, заңды тұлғалардың депозитіне кепілдік беру қорының қатысы жоқ. Олар да миллиондарын банкті тарату кезінде алуы мүмкін. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу