"Деңгейлеріне сұрақтар бар": Министр Бейсембаев ағылшын тілін оқыған мұғалімдер жайлы

2640

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ағылшын тілін оқыған мұғалімдердің деңгейіне сұрақтар барын мәлім етті. 

"Деңгейлеріне сұрақтар бар": Министр Бейсембаев ағылшын тілін оқыған мұғалімдер жайлы Фото: Білімді Ел

Үкімет отырысынан кейін журналистер министрге "қаншама мұғалім ағылшын тілін оқыды, бірақ сол жұмыс текке кетіп, ақша желше ұшқан жоқ па?" деп сұрады.

"Қаржы желге кетті деген сөзбен келіспеймін. Кез келген жұмыс өз нәтижесін береді. Бірақ бұл жерде бір ғана дүние бар. Оның қаншалықты деңгейде екенінде. Сондықтан, деңгейге қарастыратын болсақ, әрине сұрақтар бар", - дейді Ғани Бейсембаев.

Министрдің айтуынша, қоғамда жастар ағылшын тілін белсенді түрде үйреніп жатыр.

"Біз әлемдік үрдістен қалмауымыз керек. Бұл мәселені де ары қарай жалғастыру жағын ойлау керек. Бірақ оны қайтадан қаншалықты тиісді әрі дұрыс, сапалы ұйымдастырылуына жақсы мән беру керек деп ойлаймын", - дейді Бейсембаев үкіметтің баспасөз орталығында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу