"Дикий Арманның" сыбайласы Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды

446

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті.

"Дикий Арманның" сыбайласы Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды Фото: Бейнежазбадан

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілігінің қолдауымен Дубай қаласынан Арман Жұмагелдиевтің қылмыстық тобының сыбайласы экстрадицияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол 2022 жылғы 5-7 қаңтар аралығында Алматы қаласында Жұмагелдиевтің бандалық құрамында жаппай тәртіпсіздіктерге белсене қатысқан деген күдікке ілінді.

Қылмыстар жасалғаннан кейін күдікті жасырынған және шамамен үш жыл бойы халықаралық іздеуде болған, кейіннен Біріккен Араб Әмірліктері аумағында ұсталған.

Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.

Оған тағылған қылмыстар бойынша он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы көзделген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу