Дизель отыны бір жылда 16%-ға қымбаттады

540

Биыл қаңтар айында республикада 494,1 мың тонна бензин өндірілді. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 20,6%-ға артық.  

Дизель отыны бір жылда 16%-ға қымбаттады Фото: liter.kz

Бұдан бөлек дизель отынының өндірісі 13%-ға, 421,8 мың тоннаға дейін өсті, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Еліміз бойынша бензиннің ең көп көлемі Шымкентте өндірілді: 196,7 мың тонна, жылдық өсім – 14,6%. Үштіктер қатарында Павлодар (155,1 мың тонна) және Атырау облыстары (141,7 мың тонна) бар.

Павлодар облысы дизель отынын өндіру бойынша көш басында: 149,1 мың тонна. Бұдан бөлек Шымкентте 148 мың тонна, Атырау облысында 109,4 мың тонна шығарылған.

2022 жылдың 12 айында Қазақстанда 5 млн тонна бензин, 5,4 млн тонна дизель отыны өндірілген.

Көрсетілген кезеңде отандық компаниялар бензинмен жергілікті нарықты (ішкі нарықта сату және экспорт) толық қамтамасыз етті: 99,1%-ға.

Республикаға 43,3 мың тонна бензин әкелінді. Экспортқа 24,2 мың тонна бензин жіберілді. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 76%-ға аз.

Ішкі нарықта 5 млн тонна бензин сатылды. Бұл 2021 жылғы қаңтар–желтоқсан айларының қорытындысымен салыстырғанда 5,7%-ға артық.

Бұдан бөлек жергілікті кәсіпорындар дизель отынымен нарықты 96,8%-ға қамтамасыз еткен. Импорт 3,2%-ға дейін қысқарды. Елге 177,7 мың тонна дизель отыны әкелінді, бұл 2021 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 47,2%-ға аз. Ішкі нарықта сату көлемі бір жылда 7%-ға өсті. 

2023 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша бензин бір жылда 0,1%-ға арзандап, ал дизель отыны 15,7%-ға қымбаттаған.

Ресурстың жазуынша, дизель отыны бағасының Атырау облысында айтарлықтай жоғарылағаны байқалды: бір жылда 44,8%-ға. Бұдан басқа Солтүстік Қазақстан (+39,1%) және Шығыс Қазақстан (+37%) облыстарында да жоғары баға өсімі тіркелді. Ал, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында, Алматыда баға өткен жылдың деңгейінде қалған. Ұлытау облысында дизель отыны 2,8%-ға арзандады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу