Draper Fisher Jurvetson компаниясы Қазақстан нарығына қызығушылық танытып отыр

325

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Draper Fisher Jurvetson компаниясы Қазақстан нарығына қызығушылық танытып отыр Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Draper Fisher Jurvetson компаниясының тең құрылтайшысы және Дрейпер Университетінің негізін қалаушы Тим Дрейпермен кездесті.

Президент Digital Bridge халықаралық форумына белсенді қатысқаны және мазмұнды баяндама жасағаны үшін Тим Дрейперге алғыс айтып, танымал Meet the Drapers реалити-шоуының бір эпизодын Қазақстанда түсіру туралы бастаманы құптады.

“Кездесу барысында венчурлық капитал мен стартаптар индустриясын дамыту мәселелері, сондай-ақ  алдағы жоспарлар мен ынтымақтастықтың перспективті бағыттары талқыланды. Тим Дрейпер өз компаниясының венчурлық капиталды дамытуда бай тәжірибесі бар екенін атап өтті. Сондай-ақ Draper Fisher Jurvetson компаниясы Орталық Азия өңіріне, атап айтқанда, Қазақстан нарығына зор қызығушылық танытып отырғанын жеткізді”, - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы венчурлық капитал нарығын құру үшін Қазақстанда берік институционалдық, құқықтық және қаржылық негіз қаланып жатқанына назар аударды.

Еліміз Draper Fisher Jurvetson секілді халықаралық венчурлық қорлардың  Қазақстан нарығына келуіне кең жол ашады, деп хабарлады Ақорда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу