Дулат Ағаділдің ұлы жаппай төбелес кезінде көз жұмды

1049

17 жасар бозбала пышақ жарақатын алып, жедел медициналық жәрдем келгенше оқиға орнында мерт болған. 

Дулат Ағаділдің ұлы жаппай төбелес кезінде көз жұмды

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 10 қараша кешкі сағат 22:50 шамасында орын алған. 

"102 арнасына Көктал шағын ауданындағы Болашақ көшесінің бойында жаппай төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері келгенде бір топ жастардың арасында туындаған жанжал төбелеске ұласып, 2 адам дене жарақатын алған. Оның біреуі 17 жасар Жанболат Ағаділ пышақ жарақатынан зардап шегіп, салдарынан жедел медициналық жәрдем келгенше оқиға орнында қайтыс болған", – деп жазылған хабарламада. 

Әзірге жанжалдың неден шыққаны белгісіз. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі және 293-бабы 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі таңда жанжалға қатысқандардың барлығын анықтау бойынша және ұсталғандармен тергеу амалдары жүргізілуде. Оның нәтижесі бойынша әр күдіктінің әрекетіне құқықтық баға беріледі. Тергеу жалғасуда.

Фотоның оқиғаға қатысы жоқ

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу