Е.Досаев: Алматының тау бөктеріндегі құрылысқа бақылау күшейтіледі

755

Мегаполистің таулы аймағына салынған кей нысандар сүрілуі мүмкін.    

Е.Досаев: Алматының тау бөктеріндегі құрылысқа бақылау күшейтіледі Фото: gov.kz

Қазіргі уақытта таулы жерлерде заңсыз құрылыс жүргізген 54 фактісінің 46-сы сотқа берілді.

Сот шешімімен оның 30-ы қаланың пайдасына шешілді, бүгінде оның 5-інде нысандар бұзылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев басқармалардың, төтенше жағдайлар департаменті, жер ресурстарын басқару департаментінің және т.б. қатысуымен тау бөктеріндегі құрылысты реттеу мәселесі бойынша кеңес өткізді

2022 жылы маусымда мәслихат кеңесі 15 градустан асатын беткейде құрылысқа тыйым салатын аумақтың функционалдық аймақтарын салудың қалақұрылыстық регламенттерін іске асыру жоспарында әкімдік бастамашылық еткен өзгерістерді бекіткен.

Қабылданған өзгерістер Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарында және егжей-тегжейлі жоспарлаудың жаңа жобаларында көрініс тапты, қала тұрғындары және сарапшылардың қоғамдық талқылау қорытындысы бойынша оған бірқатар ұсыныс енгізілді. Соның бірі - тау бөктеріндегі 4 270 гектардан астам жерді құрылысқа тыйым салу үшін рекреациялық аймақтарға ауыстыру.

Қала құрылысы және урбанистика басқармасы халықтың өтінішімен тау бөктеріндегі нысандарды жобалауға топырақтың инженерлік-геологиялық іздестіру кезінде бастапқы деректерді береді.

Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, 2022 жылы 36 нысан, 2023 жылы – 89 және биыл 32 нысан салуға рұқсат берілмеген.

Бұл ретте, кеңеске қатысушылар атап өткендей, бүгінде барлық құрылыс салушы жобалық шешімдерді сақтамайды. Тәжірибе көрсеткендей, кейбіреулер тек рұқсат құжаттамасын алу үшін инженерлік-геологиялық топырақты іздестіруді жүргізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу