ЕАЭО елдері өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды кеңейтеді

200

ЕАЭО шеңберінде өзара инвестицияларды арттыруға мүмкіндік беретін қаржыландырудың жаңа форматы әзірленді.

ЕАЭО елдері өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды кеңейтеді Фото: gov.kz

Мәжіліс 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асырған кезде қаржылай жәрдем көрсету бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2023 жылғы 24  мамырда мүше мемлекеттердің басшылары қол қойған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу жөнінде хаттаманы ратификациялау туралы Заң жобасы енгізіліп отыр. Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ бюджеті есебінен өнеркәсіп салаларындағы кооперациялық жобаларды қаржыландыру үшін құқықтық негізді қалыптастырады. Бұған дейін бизнес-қауымдастықтар тарапынан Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде өнеркәсіптік кооперацияны дамытатын қосымша қолдау құралдары қажет екені атап өтілген болатын. Осыған байланысты Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде өзара инвестицияларды арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, өндіріс активтерінің тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік беретін қаржыландырудың жаңа форматы әзірленді", - деді заң жобасын таныстырған Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.

Сөзінше, бұл механизм Алқа, Кеңес, Еуразиялық үкіметаралық кеңес және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында қаралып, мақұлданды.

"Қаржылық жәрдемдесу механизміне тоқталсақ. Механизм 5 жыл мерзімге пилоттық режимде бекітіледі. Арнайы демпингке қарсы және өтемақы баждарынан түсетін жалпы соманың 10 пайызы қаржыландыру көзі болып табылады. Бір жобаға субсидияның максималды көлемі жылына 1,890 миллион теңгені  құрап, 5 жыл ішінде – 9,450 миллион теңгені құрайтын болады", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу