ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімі шілдеде күшіне енеді

227

Үндістанмен келіссөздер жүріп жатыр.  

ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімі  шілдеде күшіне енеді Фото: agrosektor.kz

Еуразиялық экономикалық одақ пен Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімі 2026 жылғы 22 шілдеде күшіне енеді.  Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысынан кейін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Еуразиялық экономикалық одақ пен Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімі 2026 жылғы 22 шілдеде күшіне енеді. Үндістанмен келіссөздер жүріп жатыр. Пәкістанмен бірлескен зерттеу тобының жұмысы басталды. Одақ тарапынан Иордания, Оңтүстік Африка Республикасы және Зимбабве бойынша келіссөздер процесін одан әрі ілгерілетуге дайындық туралы айтылды, серіктестердің жауабын күтудеміз", – деді Бақытжан Сағынтаев.

Айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ келісім жасасқан немесе келіссөздер жүргізіп жатқан елдердің нарығы 3,5 миллиардтан астам адамды қамтиды. Олардың жиынтық жалпы ішкі өнімі 28 трлн доллардан асады.

Айта кету керек, бұған дейін ЕАЭО Туниспен еркін сауда туралы келіссөздерді бастайтынын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу