ЕҚДБ: Қашаған ЖІӨ өсімін 0,5%-ға ынталандыра алады

975

ЕҚДБ: Қашаған ЖІӨ өсімін 0,5%-ға ынталандыра алады

ЕҚДБ болжамы бойынша, егер Қашаған кен орнынан мұнай өндіру күніне  300 мың баррельге дейін ұлғаятын болса, онда Қазақстанның ЖІӨ тағы 0,5%-ға өсуі мүмкін. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз жиынында Еуропалық қайта құру және даму банкінің экономика жөніндегі аймақтық сарапшысы Нино Шаншиашвили мәлім етті, деп хабарлайды Kapital.kz.

Айта кетейік, Қашаған кен орнында қазіргі тәуліктік мұнай өндіру көлемі 100-120 мың баррельді құрайды.

"Өндіру көлемін келер жылдың соңына қарай тәулігіне 370 мың баррельге дейін жеткізу мақсатында қауіпсіз әрі біртіндеп арттыру үшін реттеу-іске қосу жұмыстары жалғасып жатыр", – деп атап өткен болатын бұдан бұрын Атырау облысының әкімдігі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу