Екібастұз әкімдігі қардың үстіне асфальт төседі

1186

Жол жөндеушілердің ыстық асфальтты буын бұрқыратып төсеп жатқаны видеода анық көрінеді, деп жазады inbusiness.kz.

Екібастұз әкімдігі қардың үстіне асфальт төседі Фото: Видеодан скриншот

Екібастұз тұрғындары Энергетиктер көшесіндегі көпқабатты үйдің ауласында қардың үстіне асфальт төсеп жатқандарды видеоға түсіріп алған.

Қала әкімдігі бұл деректі растады. Айтуларынша, биыл Екібастұздағы 24 ауланы абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Бұл соның соңғысы екен.

"Энергетиктер көшесі, 60 мекенжайы бойынша жұмыс жүргізу кезеңінде жауын-шашын болды. Содан кейін "ГрадСтройСервис" ЖШС мердігерлік ұйымының жұмысы уақытша тоқтатылды. Осы жұмыстарды жүргізу кезінде технологиялар бұзылған жоқ. Қазір барлық тиісті жұмыстар аяқталды", - деп мәлімдеді Екібастұз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу