Екібастұз тұрғыны он күннен бері іздестіріліп жатыр

472

Екібастұзда 34 жастағы Денис Покотиленконы іздеу жалғасуда. Ер адам 13 қазанда баласын балабақшаға апарған соң жоғалып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.  

Екібастұз тұрғыны он күннен бері іздестіріліп жатыр Фото: pavlodarnews.kz

Еріктілер, туыстары мен жақындары оның тірі екеніне үміттенеді.

VITA іздеу тобының мәліметінше, жақында бейнебақылау камераларынан ер адамның жоғалған күні үйіне қайта барғаны белгілі болған.

"Біз оның үйіне оралғанын камерамен анықтадық. Содан кейін оның қай уақытта шыққаны анық емес. Әрі қарай қайда кеткенін камера арқылы қарап жатырмыз. Әзірге анықтау мүмкін болмай жатыр", - деді топ жетекшісі Екатерина Кудрявцева.

Екібастұздық еріктілердің айтуынша, ер адамды қайдан іздеу керек екенін көрсететін іздер жоқ. Еріктілер тіпті Баянауылға да барған.

"Оны барлық жерден іздедік. Көлікжайлар мен саяжайларды қарадық. Ер адам жүрген жолмен кинологпен бірге жүріп шықтық. Өкінішке қарай, бұл нәтиже бермеді", - дейді іздеу жұмыстарының үйлестірушісі Самал Дүйсенбаева.

Қазіргі уақытта бірнеше топқа бөлінген еріктілер, туыстары, достары, әріптестері және полицейлер ер адамды іздеуде. Айта кетейік, Денис Покотиленконың бойы 180-185 см, көзі қоңыр, дене бітімі орташа, шашы қара. Ер адамның сол қолында қара кеме түріндегі татуировкасы бар, ал оң қасында кішкентай тыртық бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу