Екібастұзда сотталғандарға қаржылық сауаттылық бойынша тренинг өткізілді

464

Екібастұз қаласында 29 жасқа дейінгі жастар мен пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға құқықтық цифрлық және қаржылық сауаттылық бойынша тренинг өткізілді деп хабарлайды inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Екібастұзда сотталғандарға қаржылық сауаттылық бойынша тренинг өткізілді

Шараны Екібастұз қаласындағы жастар бастамаларын дамыту орталығы және "Кенжекөл жастары" қоғамдық бірлестігі бірлесіп ұйымдастырды. Арнайы оқу Екібастұз қаласындағы №23 орта мектептің базасында өтті.

"Екібастұзда пробация қызметінің есебінде қоғамнан оқшаулаусыз 270-тен астам сотталған тұр. Бұл оқуға 29 жасқа дейінгі 20-ға жуық адам қатысты. Біз "Кенжекөл жастары" бірлестігі мен қалалық жастар бастамаларын дамыту орталығыгығ басшыларына алғыс білдіреміз", – деді Екібастұз қаласы пробация қызметінің бастығы Лаура Суханова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу