Екібастұзда су басқан үйден екі адамның мәйіті табылды

590

Мәйіттерде зорлық-зомбылық белгілері жоқ.

Екібастұзда су басқан үйден екі адамның мәйіті табылды Фото: polisia.kz

Екібастұзда су басқан үйден ер және әйел адамның денесі табылды, деп хабарлайды  inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Polisia.kz мәліметінше, 13 ақпан күні Екібастұз қаласының тұрғынынан Б.Жырау көшесі мекенжайы бойынша жылыту радиаторларының зақымдануына байланысты тұрғын үй-жайды су басқаны туралы хабарлама түскен.

Шақыртуды пысықтау барысында жер үйден 1959 жылы туған ер адамның және 1965 жылы туған әйелдің мәйіті табылды. Мәйіттерде зорлық-зомбылық белгілері жоқ.

"Тексеру кезінде қонақ бөлмесінде еденде электр жылытқышы тұрғаны және оның сымдары ашық жатқаны анықталды. Бұл факті Екібастұз қаласының ПБ-да тіркелді",-делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу