Екібастұзға жаңа әкім тағайындалды

653

Әбілқайыр Сқақов Екібастұздың жаңа әкімі Аян Бейсекиннің алдында жаңа міндеттер қойды.

Екібастұзға жаңа әкім тағайындалды

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Екібастұз активі алдында қаланың жаңа әкімін таныстырды. Бұл лауазымға осыған дейін Ертіс ауданының әкімі болған Аян Бейсекин тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аян Бейсекин Павлодар облысының тумасы. Аян Бейсекин өзі туған Ертіс ауданын 2019 жылдан бері басқарған. Оған дейін Павлодар қаласы және Железин ауданы әкімінің орынбасары болды. 2015 жылдан 2017 жылға дейін Бейсекин Алматы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған. Мегаполиске дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі, мемлекеттік қызмет жөніндегі Агенттік жүйесі мен жеке меншік секторда жұмыс істеген.

Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі, "Болашақ" бағдарламасының түлегі. 2008 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ мемлекеттік жергілікті басқару мамандығы бойынша тәмамдап, 2013 жылы М.В. Ломоносов атындағы ММУ мемлекеттік әкімгерлік магистрі атағына ие болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу