Экс-шенеунік Ержан Бабақұмаровты өлтірген күдікті 11 жылға сотталды

Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасарының өліміне қатысты үкім шықты.  

Экс-шенеунік Ержан Бабақұмаровты өлтірген күдікті 11 жылға сотталды Фото: gov.kz

Іс Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында жабық қаралған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Айыпталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып отыр. 

Сот шешімімен оған 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген.

Жаза кеткен жөн, Алматы қаласы әкімінің экс-орынбасары Ержан Бабақұмаров 2025 жылдың 30 қазанында Астанада кісі қолынан мерт болған еді.  

Марқұм ол кезде 65 жаста болды.

Бабақұмаров бұған дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары, Президент кеңесшісі қызметтерін атқарған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу