Елде күнкөріс деңгейі мен зейнетақы өседі

525

Жаңа жылдан бастап зейнетақы мен төменгі күнкөріс деңгейі өседі, деп хабарлайды Atameken Business. 

Елде күнкөріс деңгейі мен зейнетақы өседі

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері 18 мың теңге көлемінде болса, 1 қаңтардан бастап 21 907 теңгеге көбейеді.

Қазір 48 032 тенгеден төленетін зейнетақының ең төмен мөлшерi де 53 076 теңге болып бекітіледі. Яғни 13 пайызға өсім бар.

Сондай-ақ айлық есептік көрсеткіш 270 теңгеге көтеріледі. Үкімет биыл бір адам 37 мың теңгеге күн көре алады деп есептесе, келер жылы 40 567 теңге өмір сүруге жетеді деп шешіпті. Бірақ сарапшылар бұл сандармен келісе бермейді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу