Елдегі 6 өңірде халықтың шығыны тапқан табысынан асып түседі

481

Антилидерлер қатарында Алматы және Жетісу облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы бар.

Елдегі 6 өңірде халықтың шығыны тапқан табысынан асып түседі Фото: google.com

2022 жылдың төртінші тоқсанында халықтың жан басына шаққанда ақшалай табысы 252,4 мың теңгені құрады. Бұл былтырғыға қарағанда 17,7%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл ретте халықтың жан басына шаққандағы шығысы бір жылда 15,1%-ға өсіп, 246,8 мың теңге болды.

Кіріс пен шығыс арасындағы айырмашылық – 5,6 мың теңге. Ресурстың жазуынша, бұл соңғы жылдары тиісті кезеңдегі ақшалай мәндегі ең жоғары айырмашылық.

Республика бойынша ең көп табыс елорда тұрғындарында тіркелді: жан басына шаққанда 357,3 мың теңге. Екінші орында Қарағанды облысы тұр: 354,9 мың теңге. Үздік үштікті Ұлытау облысы қорытындылайды: 339,1 мың теңге.

Ең төменгі көрсеткіштер Түркістан облысының тұрғындарында байқалған: 163,3 мың теңге.

Шығыстар бойынша Қарағанды облысы көш бастап тұр: жан басына шаққанда 327,3 мың теңге. Одан кейінгі орындарда Алматы (322,1 мың теңге) және Ұлытау облысы (307,4 мың теңге) орналасты.

Өз кезегінде ең аз шығыстар Түркістан облысында тіркелді: жан басына шаққанда 177,4 мың теңге.

Жиырма аймақтың он төртінде халықтың ақшалай табысы шығындардан басым болды. Үздік көрсеткіштер Батыс Қазақстан облысында байқалды. Үштік қатарында Қостанай облысы мен Астана бар. Төртінші және бесінші орындарда Абай және Маңғыстау облыстары орналасты.

Ал, 20 өңірдің алтауында шығыс түскен кірістен асып түскен. Антилидерлер қатарында Алматы облысы, Жетісу облысы, Шымкент, Алматы, Түркістан облысы және Жамбыл облысы бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу