Елімізде 4858 елдімекен кең жолақты мобильді интернетке қосылған

440

Байланыс инфрақұрылымына инвестиция салуды арттыру қажет. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ведомствоның алқа мәжілісінде хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.  

Елімізде 4858 елдімекен кең жолақты мобильді интернетке қосылған Фото: gov.kz

"Маңызды стратегиялық міндеттердің бірі – байланыс саласын дамыту. Бүгінде елде 6 290 ауылдық елдімекен бар, оның 4 858-і кең жолақты мобильді интернетке қосылған. Негізгі жұмыс 3G орнына 4-буын байланысын қамтуды арттыруға бағытталып отыр. Сондай-ақ, технологиялық тұрғыдан ескірген ADSL шешімдері жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізу технологияларымен ауыстырылады", - деді ол.

Министрдің сөзінше, бүгінде әлем бойынша ойын-сауық мазмұнындағы интернет-трафикті пайдалану қарқынының артқаны байқалады.

"Одан байланыс инфрақұрылымына жүктеме артып отыр (34%). Бұл ретте инвестициялар тұрақты түрде төмендеп, бұл көрсеткіш 43 пайызды құрады. Дамыған елдер байланыс инфрақұрылымына белсенді түрде инвестиция салып отырғанын халықаралық тәжірибе көрсетіп отыр. 5G бойынша өткізілген алғашқы аукцион телеком нарығының озық жобаларға инвестиция салуға деген үлкен қызығушылығын көрсетті", - деп атап өтті ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу