Елімізде әуе көлігі бағасы қымбаттады

1436

Әуе көлігі жолаушыларының саны бір жылда 16% — ға, ал жолаушылар айналымы 32% - ға өсті. 

Елімізде әуе көлігі бағасы қымбаттады Фото: baq.kz

Биылғы қазан айының қорытындысы бойынша елімізде әуе көлігі қызметінің құны жолаушылар үшін  бір жылда 16,4% - ға өсті, деп жазады inbusiness.kz  energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Баға жыл ішінде ең жоғары өсім көрсеткен Батыс Қазақстан облысы, 51,3%-ға артқан. Одан кейін Шымкент (45%) және Ақтөбе облысы (37,1%). Әуе жолаушылар көлігі бағасы ең аз көтерілген Жамбыл облысы 2,5%. Еліміздегі 20 өңірдің төртеуінде бағалар өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда төмендеді. Олар Ұлытау (22,5%), Алматы (13,4%), Қарағанды (11%), Қызылорда (4,1%) облыстары.

Енді жолаушылар билеттің толық құнын 5 сағатқа (10 сағаттың орнына) кешіктіріп қайтара алады.  Ал, өтемақыға келетін болсақ, ол әуе кемесін кідіртудің әрбір сағаты үшін билет құнының 3%-ын құрайды. ИИДМ әуе тасымалдаушылары рейстерді кешіктіріп, бірақ айыппұл төлемесе қолданылатын жазаны қатаңдатуды жоспарлап отыр. Тек,  өткен жазда ғана рейстердің 63% -ы кешіктірілген.

Авиакомпаниялар өз кезегінде тасымалдауға тыйым салынатын адамдардың тізілімін, яңни қара тізім жасауы мүмкін. Жалпы, биыл қаңтар-қазан айларында 9 млн адам әуе көлігімен тасымалданды,  бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,8% - ға артық. Ең жоғары көрсеткіш Алматыда тіркелді: 6,1 млн адам, жыл ішінде 11%-ға артқан. Шымкентте 2,4 млн адам, Астанада 467,1 мың адам.

Жолаушылар айналымы 16,2 млрд пкм-ге жетті, өткен жылмен салыстырғанда 32,3% - ға артық. Жүк пен багажды әуе көлігімен тасымалдау он айдың қорытындысы бойынша 19,4 мың тоннаны құрады, өткен жылмен салыстырғанда 30,4%-ға аз. Жүк негізінен үш өңірден тасымалданған: Алматы (11,7 мың тонна), Шымкент (4,7 мың тонна) және Астана (3 мың тонна). Ағымдағы жылдың қаңтар–қазан айларында жүк айналымы 43,5 млн ткм құрады, бұл өткен жылғыдан 29,9%- ға аз.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу