Елімізде ең көп оқылатын басылымдардың үздік бестігі

1353

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында қазақстандықтар "Қазпошта" арқылы газет-журналдардың жалпы 55,6 млн данасына жазылыпты.  

Елімізде ең көп оқылатын басылымдардың үздік бестігі

Елімізде ең көп оқылатын басылымдардың қатарына "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда", "Полиция KZ", "Қазақстан теміржолшысы" және "Ұйғыр авази" енді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Республикалық газеттердің үздік бестігіне "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда", "Полиция KZ", "Қазақстан теміржолшысы" және "Ұйғыр авази" басылымдары енді. Аймақтағы үздіктердің қатарында "Жетісу", "Ақтөбе", "Оңтүстік Қазақстан", "Аq Jol", "Орталық Қазақстан" газеттері бар", - дейді жазылған "Қазпошта" таратқан хабарламада.

Қазақстан бойынша барлығы 170 республикалық және 543 аймақтық газет жазылым бойынша таратылады. Республикалық басылымдар – 44%, ал өңірлік басылымдардың үлесі – 54%.

"Тираждың 2%-ы халықаралық мерзімді басылымдарға тиесілі. Қазақстандықтар Ресей, Беларусь, Украинаның 3 мыңнан аса газет-журналына жазыла алады", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ басылымдарға көбінесе ауыл тұрғындары жазылады екен.

"Газет-журналдарға жазылудың жалпы көлеміндегі ауылдың үлесі – 71%. Ондағы тұрғындар облыстық, қалалық және аудандық басылымдарға жазылады (жалпы тираждың 58%-ы)", - деп жазылды хабарламада.

Газет-журналдарға жазылу бойынша Алматы, Ақтөбе, Қарағанды және Жамбыл облыстары көш басында тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу