Елімізде қанша босқын тұрады?

427

1 шілдедегі мәлімет бойынша елімізде 628 пана іздеуші және 333 босқын бар.

Елімізде қанша босқын тұрады? Фото: Устинка

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz. 

"Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарының Орталық Азиядағы аймақтық басқармасымен бірлесіп, жоғары айтылған азаматтардың әлеуметтік құқықтары қорғалуын қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру, медициналық және әлеуметтік көмек көрсету шаралары әзірленді. Геосаяси сын-қатерлерді, сонымен бірге, пана іздеген адамдардың жаппай ағылу ықтималдығын ескере отырып, Үкімет оларды уақытша қоныстандыру пункттерінде қабылдау және орналастыру қағидаларын бекітті", - деді ол Үкімет отырысында.

Бұдан бөлек бүгінде көші-қон ағындарын есепке алу бірнеше мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде  жүргізіледі, деп жалғастырды ведомство басшысы.

"Сондықтан мигранттарды тіркейтін бірыңғай жүйені құру мақсатында жүйелердің бәрін өзара интеграциялауға кірістік. Қазірдің өзінде Ресей Федерациясы, Моңғолия, Түркіменстандағы мекемелеріміз үшін "Қандас" атты жаңа функционалды автоматтандырылған ақпараттық жүйе іске қосылды. Тағы 26 елді қосу жоспарлаудамыз", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу