Елімізде қанша қала ауылға айналуы мүмкін?

1977

Бұл халық саны 10 мыңнан аз қалаларға қатысты. 

Елімізде қанша қала ауылға айналуы мүмкін? Фото: akorda.kz

Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков әкімшілік мәртебесіне сай келмейтін қалалар туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер ведомство өкілінен қанша қала ауылға айналуы мүмкін екенін сұрады.

"Мұнда да халықтың пікірі ескерілетін болады. Қала мәртебесі бар 13 елдімекен бар. Бірақ халықтың саны 10 мыңнан төмен. Мысалға, Шар, Қазалы қалалары. Сол қалаларды жергілікті мәслихаты халықпен біріге отырып, шешімдерді қабылдауы керек. 10 мыңға жетпейтін халқы бар қалаларды ауылға айналдыру мәселесін өздерінің күн тәртібіне қойып, қарайтын болады", - деп жауап берді вице-министр.

Айта кету керек, осыған дейін 112 ауылдағы халық саны он мыңнан асатынын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу