Елімізде киіктерді әуеден санау басталады

422

2022 жылғы әуебарлауына сәйкес, Қазақстандағы ақбөкендердің саны - 1,3 миллион. 

Елімізде киіктерді әуеден санау басталады Фото: azattyq-ruhy.kz

15 сәуірден бастап еліміздегі киіктердің санын анықтау үшін оларды әуеден зерттеу басталады.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарлауынша, әуебарлауын "Охотзоопром" МКҚК қызметкерлері Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық аумақтық инспекцияларымен және Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының ғалымдарымен бірлесіп жүргізеді. (АСБК).

"Тіркеу тобы екі командаға бөлінген: бірі Бетпақдала популяциясында, екіншісі Орал мен Үстірт популяциясында", - делінген министрлік хабарламасында.

Биыл тікұшақпен әуе есебі шамамен 200 сағат ұшудан тұрады.

Еске сала кетсек, 7 сәуірде Қазақстанның екі облысынан 650 киік өлексесі табылғаны белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу