Елімізде өрт қауіпсіздігі акциясы басталды

416

Бұл акция 2 кезеңде өтеді. 

Елімізде өрт қауіпсіздігі акциясы басталды Фото: ҚР ТЖМ

15 тамыздан 15 қазанға дейін ТЖМ бөлімшелері халыққа пештерді орнату кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру бойынша жыл сайынғы республикалық өрт қауіпсіздігі акциясын өткізеді.

15 тамыздан 15 қыркүйекке дейінгі өрт қауіпсіздігі акциясының I-кезеңінде әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау органдарының өкілдерімен бірлесіп, оның ішінде қажетті көмек көлемін анықтау үшін халықтың әлеуметтік осал топтарының, жетім балалардың, көп балалы отбасылардан шыққан балалардың тұрғын үйлеріне барып аралау ұйымдастырылады.

II-өрт қауіпсіздігі акциясының кезеңі 15 қыркүйекте басталып, 15 қазанда аяқталады. Осы кезеңде профилактикалық жұмыстармен автономды жылыту жүйелерімен байланысты төтенше жағдайларға неғұрлым бейім тұрғын үйлер қамтылатын болады, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлеріне бару жалғасатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу