Елімізде ветеринар дәрігерлер қанша жалақы алады?

529

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметіне сәйкес, 2021 жылмен салыстырғанда былтыр ветеринарлардың жалақысы республика бойынша орта есеппен 50 пайызға өскен.  

Елімізде ветеринар дәрігерлер қанша жалақы алады? Фото: gov.kz

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Асқар Жақыпбаев ветеринария саласындағы мамандардың жалақысына тоқталды, деп жазады inbusiness.kz.

"2023 жылы республика бойынша жоғары білімі бар ветеринар дәрігерлердің орташа жалақысы – 145 мың теңгеден 282 мың теңгеге дейін. Шымкент қаласы мен Қызылорда облысында орташа жалақы 145 мың теңге және 151 мың теңге мөлшерінде екенін атап өткім келеді. Тағы 12 өңірде жалақы 200 мың теңгеден асса, ал 6 өңірде 170 мың теңгеден 200 мың теңгеге дейінгі соманы құрайды", - деді спикер тілшінің сауалына берген жауабында.

Еске салайық, осыған дейін биылдан бастап патогендігі І және ІІ топтардағы биологиялық агенттермен жұмыс істегені үшін ветеринарларға 35 пайыздан 50 пайызға дейінгі мөлшерде қосымша ақы төленетіндігін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу