Елімізде заңдастырылған шетелдік көліктердің 67%-ы Ресейден әкелінген

4612

Жалпы науқан басталғалы 70 мыңға жуық шетелдік көлік заңдастырылған.  

Елімізде заңдастырылған шетелдік көліктердің 67%-ы Ресейден әкелінген Фото: stan.kz

2022 жылдың қыркүйегіне дейін елімізге әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру жүріп жатыр. Өтініштер барлық ХҚКО-ында және электронды сервис арқылы қабылданады. Сондай-ақ, азаматтарға арналған электронды үкімет порталында және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында қолжетімді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, қаңтардың 23-і мен наурыздың 26-сы аралығында 69 мыңнан астам көлік құралы заңдастырылды. Оның ішінде 67%-ы Ресейден, 19%-ы Армениядан, шамамен 10%-ы Қырғызстаннан, 2%-ы Грузиядан.

Сонымен қатар, қосалқы бөлшектер ретінде жаратуға әкелінген автокөліктерді де заңдастыру бағыттарын айқындайтын Үкімет қаулысының жобасы әзірленген. Ол жария талқылаудан өтіп, қазір қорытындылап болғаннан кейін мемлекеттік органдарға түпкілікті келісімге жіберіледі. Одан соң Үкіметке енгізіледі.

Комитет төрағасының сөзінше, әзірге көліктің автоконструктор түрі бойынша бір де бірі заңдастырылмаған. Жалпы, автоконструкторлар көптен талқыланып келе жатқанымен көліктің ондай түрін заңдастыру мүлде қарастырылмаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу