Елімізде жалдамалы үйлердің бағасы қымбаттады

455

Елімізде тұрғын үйді жалға алу құны, шамамен 30 пайызға қымбаттады. 

Елімізде жалдамалы үйлердің бағасы қымбаттады Фото: Qazaqstan.tv

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, бағаны өсірген өңірлер арасында Алматы, Петропавл және Көкшетау қалалары көш бастап тұр. Бүгінде жалдамалы пәтердің шаршы метрі 5 мың теңгеге бағаланады. 

Сарапшылар бұны жалпы нарықтағы баспана бағасының өсуімен байланыстырады. Қазіргі кезде жаңадан салынған тұрғын үйлердің шаршы метрі 486 мың теңге тұрады. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 8 пайызға көп. Жаңа пәтер әсіресе Ақтөбе және Ақтау қалаларында қымбат. Шаршы метрінің құны - 500 мың теңге. Осыған байланысты, тұрғын үйлердің алып-сату келісімдерінің саны 40 пайызға азайған. Сәйкесінше жалдамалы үйлер де тенденциядан тыс қалмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу