Елімізде жаппай спорттық нысандар салу қолға алынады - министр

Ауылдарда модульдік спорт ғимараттарын салу жоспарланған.  

Елімізде жаппай спорттық нысандар салу қолға алынады - министр Фото: aigak.kz

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов ведомстваның кеңейтілген алқа отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Үлкен ауылдарда тез құрылатын модульдік спорт ғимараттарын салу және дене шынықтыру үшін қолжетімді инфрақұрылым, яғни спорт алаңдары, жүгіру және велосипед жолдары, жаяу, сондай-ақ атпен жүретін туристік маршруттар құру жоспарланып отыр. Ол үшін ең алдымен еліміз бойынша жұмыс істеп тұрған спорт нысандарын "ауқымды түгендеу" жұмыстарын жүргізетін боламыз", – деді министр.

Негізгі мақсат аймақтарда спорттық инфрақұрылымды дамыту және оның қолжетімділігін арттыру.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу