Еліміздегі 60 суару желісінің жағдайы нашар

751

Үкімет отырысында экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев алдағы 5 жылда 212 су арнасы цифрландырылатынын мәлімдеді, хабарлайды inbusiness.kz.

Еліміздегі 60 суару желісінің жағдайы нашар

Былтыр Түркістан облысындағы "К-19" магистралды арнасын цифрландыру жобасы жүзеге сәтті асырылғанын тілге тиек еткен министр алдағы 5 жылда ұзындығы 3,3 мың шақырымды құрайтын 212 арна цифрландырылатынын жариялады. 

"Бұл шара 2,2 текше метр суды үнемдеуге мүмкіндік береді", – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Оның сөзінше, республикалық меншікте жалпы ұзындығы 20 мың шақырым болатын 3 298 суару желісі бар. Оның ішінде 60 каналдың жағдайы нашар.

"Арналарды қалпына келтіру жұмысы тұрақты жүргізіліп жатыр. Мәселен, 2019-2020 жылдары 1 734 шақырым арна жөнделіп, 111,5 гектар суармалы жер айналымға енгізілді. Биыл жыл соңына дейін 1 050 шақырым арнаны қайта жаңғырту жоспарланған. Осы іс 78 мың гектар суармалы жерді айналымға енгізуге мүмкіндік береді", – деді министр. 

"5 жыл ішінде ұзындығы шамамен 2,3 мың шақырымды құрайтын 120 арна  жаңартылады. Нәтижесінде 600 мың гектар жер айналымға енеді", – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу