Елордада Агроқалашық елдімекенінің тағы бір бөлігі газға қосылды

960

Тұрғындар "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ға тиісті өтінім беру қажет, деп хабарлайды inbusiness.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада Агроқалашық елдімекенінің тағы бір бөлігі газға қосылды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-мен бірлесіп, бұрын газға қосылмаған Агроқалашық тұрғын алабы бөлігінде газ беруді бастады.

Осылайша, Дүйсенбаев көшесі – Қарталы көшесі – Тілендиев даңғылы – Бөкеев көшесі аумағында тұрғындар газға қосылуға мүмкіндік алды. Осы жылдың қараша айында Агроқалашықтың қалған бөлігін, сондай-ақ Потанин көшесі мен Маскеу көшесі маңындағы секторды газдандыру қамтамасыз етіледі.

Осы ауданда тұратын тұрғындар үйлерін газға қосуға тиісті өтінім беру үшін "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ға (Республика даңғылы, 24) жүгіну қажет. Толық ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: +7(7172) 55-89-75, вн.1530, 1527.

Естеріңізге сала кетейік, қазан айының ортасынан бастап Оңтүстік-Шығыс елдімекенінің тұрғындары да өз үйлерін газға қосып жатыр.

Айта кету керек, екі жыл ішінде елордада 645 шақырымнан астам ішкі кварталдық газбен жабдықтау желілері салынды. Көктал-1, Көктал-2, Теміржолшылар, Оңтүстік-Шығыс, Агроқалашық елдімекендерінің тұрғындары газға қосылуға мүмкіндік алды.

Осы күзде Промышленный, Агроқалашық және Оңтүстік-Шығыс (қосылмаған бөліктер) тұрғындарына мүмкіндік жасалды. Сондай-ақ "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный елді мекендерінде газбен жабдықтау желілерінің құрылысын жүргізуде.

Газдандыру – Елбасының ауқымды жобасы. Жоба қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, қала экологиясын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.

Қаланы газдандыру мәселесі Мемлекет басшысының бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу