Елордада алғаш рет халықаралық жыршы-термешілер фестивалі өтті

2523

Фестивальге Қазақстан, Өзбекстан және Қырғыз елінен жыршы-жыраулар қатысты. 

Елордада алғаш рет халықаралық жыршы-термешілер фестивалі өтті Фото: МСМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Наурыз мейрамы аясында Астанада алғаш рет Халықаралық "Жыршы-термешілер" фестивалі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Атап айтқанда, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері: Алмас Алматов, Айгүл Қосанова, Елмұра Жаңабергенова, мәдениет қайраткері Ерболат Шалдыбеков, мәдениет саласының үздіктері: Елікбай Иса, Фархат Оразов, Қайрат Кәкімов, халық жыршысы Жәнібек Пиязов, Тоғаев Бахшикул (Өзбекстан Республикасы), Қырғызстан Республикасының еңбек сіңген артисі Сыдыков Дөөлөтбек және тағы да басқа өнер майталмандары танымал жыр, терме, толғау, дастандарды орындады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу