banner

Елордада битум құйылған бөшкелер өртенді

727

Өрт себебі анықталып жатыр.  

 Елордада битум құйылған бөшкелер өртенді

Нұр-Сұлтанда битум құйылған 20-ға жуық бөшке өртенді, деп хабарлайды қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.

"28 мамыр күні сағат 18:46-да Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне өрт оқиғасы туралы хабарлама келіп түсті. Анықталғандай, Алаш тас жолы, 9 мекенжайында 20-ға жуық битум құйылған бөшкелер өртенген. Әр бөшкенің көлемі 50 литр. Соның салдарынан жақын маңдағы КамАЗ дөңгелегі мен ЗИЛ көлігінің кабинасы зардап шеккен", – делінген департамент хабарламасында.

Өрт сағат 19:10-да ауыздықталды және 19:24-те толық сөндірілді. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу