Биыл аталған іс-шараға 22 елден 10 мыңнан аса адам келіп қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сондай-ақ, көрме ұйымдастырушылары 500 баланың ерекше форматтағы жиынды арнайы бағдарлама бойынша тамашалағанын айтады. Жалпы, дәстүрлі көрмегде 200-ден астам компания төбе көрсетті.
Ондағы малдың жағдайын бақылау 150 ветеринар маманға тапсырылды.
Көрмедегі "Мал шаруашылығы" блогы көрсетіліміне, аукцион және "ең үздік бұқа" байқауына 19 шаруашылық қатысуда, ол жерде 47 бұқа ұсынылып отыр.
– Jana Dala/Green Day 2025 халықаралық көрмесі аясында өткен аукционда "Дәурен" шаруа қожалығының "Жойқын" атты бұқасы 6 миллион теңгеден астам қаржыға сатылды, – деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, қазақтың ақбас тұқымды бұқалары арасындағы байқау да аяқталды. Халықаралық көрме әлі де жалғасып жатыр.
Жеңімпаздар:
18 айға дейінгі санат бойынша "Сәбит" шаруа қожалығының "Қыран" (Батыс Қазақстан облысы), "Новобратское" ЖШС-нің "Багровый" (Ақмола облысы) және "Дәурен" шаруа қожалығының "Батпан" (Абай облысы) атты бұқасы үздік деп талыған.
18 айдан жоғары санат бойынша:
"Галицкое" шаруа қожалығы – "Доллар" (Павлодар облысы);
"Родина" ЖШС – "Атос" (Ақмола облысы);
"Айдар" шаруа қожалығы – "Лохопота" (Ақмола облысы).
Ал абсолютті чемпион болып "Сәбит" шаруа қожалығының (Батыс Қазақстан облысы) "Қыран" атты бұқасы танылды.