banner

Елордадағы мешіттер қайырымдылық науқанын ұйымдастырды

Тегін такси және коммуналдық қызметкерлер үшін ыстық ас сынды жақсылық жасап жарысты.   

Елордадағы мешіттер қайырымдылық науқанын ұйымдастырды Фото: gov.kz

Науқанға "Көктал" мешітінің бастамашы болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Науқан аязды күндері тұрғындарды қала бойынша тегін тасымалдайтын такси қызметінен басталды. Жүргізуші ретінде мешіттердің имамдары мен шәкірттері қатысты.

"Мұндай акцияларды бірнеше жылдан бері өткізіп келеміз. Астананың аязды күндерінде азаматтарымызға қол ұшын созғымыз келеді. Басқа жүргізушілерді де акцияға қосылуға және тұрғындарға көмектесуге шақырамыз",– дейді Астана қаласының және "Әзірет Сұлтан" мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов.

Еріктілер жол жұмысшыларына ыстық шай мен палау таратты. Коммуналдық ұйымдардың 200-ге жуық қызметкері қамтылды. Жұмысшылардың барлығы – қала бойыша қар күреп жүрген адамдар.

Сонымен қатар жылыту маусымының соңына дейін демеушілік көмек арқылы мешіт бірқатар отбасыға көмір сатып алуға және азық-түлік себеттерімен қамтамасыз етуге көмектеседі. Тұрғындарды тегін тасымалдау науқаны аязды күндердің соңына дейін жалғасады. Таксилерді автомобиль корпусындағы жапсырма арқылы ажыратуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұл күндері Астанада саршұнақ аяз басталды. Термометр бағаны -30 градустан төмен. Қаланың коммуналды қызметтері күндіз-түні тоқтаусыз жұмыс жүргізуде. Елорда тұрғындары мен қонақтары мұндай жағдайда абай болуы, көктайғақ кезінде қозғалыс ережелерін қатаң сақтауы және жарақат пен үсіктің алдын алу үшін көшеде ұзақ уақыт болмауы қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу