Лагерь басшылығының айтуынша, тамыз айының соңына дейін олардың саны 2000-ға дейін өседі. Балалар лагерьде өткізетін 10 күнде қандай дағдыларды меңгеретіні туралы қалалық Білім басқармасының басшысы мәлім етті.
Басқарма басшысы Қасымхан Сенғазыевтің айтуынша, бұл сауықтыру орталықтары демалысты ғана емес, сонымен қатар шығармашылық оқу үдерісін де қамтамасыз етеді.
"Боровичок" лагеріндегі биылғы маусым Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналғандықтан ұлттық ойындарға, музыка мен әдебиетке толы. Балалар ұлы ақынның өмірінен көріністер қойып, өлеңдерін оқиды.
Өткен маусымда тақырып өзгешелеу болды, келесі маусым да мүлдем басқаша болады. Мәселен спорт, әскери-патриоттық тақырып немесе тілдерге қатысты болуы мүмкін. Барлығы балалардың бос уақытын көңілді ғана емес, сонымен қатар пайдалы өткізуге бағытталған", - деді ол.
Балалар-жасөспірімдер туризмі және өлкетану орталығының директоры Мэлс Әбенов атап өткендей, демалушылар үшін күніне орта есеппен екі сағаттан қызықты ойын форматында сабақтар өткізіледі.
"Біз балаларға дағдыларды беруге тырысамыз. Бұл вокал, тілдер, спорттық жаттығулар болуы мүмкін. Негізінен маусымның тақырыбына байланысты. Ол үшін біз Астананың түрлі білім беру ұйымдарымен байланыс орнатамыз", - деп түсіндірді Мэлс Әбенов.
Ол әр маусымның бағдарламасына орманға серуендеу, көлде жүзу, өткелдер, от жағу кештері және бейтаныс орындарды бағдарлау сабақтары кіретінін де атап өтті.