Ең жас мәжілісмен Мәди Ахметов үміткерлер тізіміне енбеді

2780

AMANAT партиясының съезінде партиялық тізімдер және бір мандатты аумақтық округтер бойынша сайланатын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың есімдері анықталды.  

Ең жас мәжілісмен Мәди Ахметов үміткерлер тізіміне енбеді Фото: aikyn.kz

Тізімде ең жас депутат болып келген Мәди Ахметовтің есімі болмады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мәди Ахметов бұған дейін Алматыда Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін орнатуға ұсыныс жасап, кейін қаңтар оқиғасынан кейін оның өкілеттіктерін қысқартуға, сондай-ақ "ҚР-ның Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" Конституциялық заңының күшін жоюға дауыс берген еді.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтар Қорғаныс министрінен ең жас Мәжіліс депутаты Мәди Ахметовті әскерге шақыртуды талап етіп, петиция жариялаған еді.

Ал, AMANAT партиясы Мәжіліс депутаттығына ұсынған үміткерлердің тізімін осы жерден көруге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу