Енді Мәжілісте маска тағу міндеттеледі

398

7 ақпаннан бастап жиналыстар мен басқа да бұқаралық іс-шаралар онлайн форматқа ауыстырылады.  

Енді Мәжілісте маска тағу міндеттеледі Фото: pexels

Мәжілісте коронавирусқа байланысты маска тағып келу міндеттелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ӨДП МК бас санитарлық дәрігері Темірғалиева А.Қ 2024 жылғы 6 ақпандағы қаулысына сәйкес, Парламент Мәжілісі ғимаратының аумағында коронавирустық инфекцияға қатысты қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты міндетті түрде бетперде кию режимі және басқа да алдын алу шаралары енгізілген. 

7 ақпаннан бастап жиналыстар мен басқа да бұқаралық іс-шаралар онлайн форматқа ауыстырылады немесе маска режимі мен санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып өткізіледі.

"Осыған орай, Мәжілістегі іс-шараларға қатысатын журналистерден шектеулер ресми түрде жойылмайынша жоғарыда аталған шараларды сақтауды сұраймыз. Ғимаратқа кірер кезде өзіңізбен бірге медициналық маскалар алып келуіңізді сұраймыз", - делінген хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу