Энергия өндіруші ұйымдардың шекті тарифтері қалай түзетіледі?

459

Жалпы 47 энергия өндіруші ұйымның 27-сі шекті тарифтерді түзетуге өтінім берген. 20 энергия өндіруші ұйым үшін тариф бұрынғы деңгейде сақталатын болады.

Энергия өндіруші ұйымдардың шекті тарифтері қалай түзетіледі? Фото: ҚР Энергетика министрлігі

Энергетика министрлігі жоспарланып жатқан энергия өндіруші ұйымдардың шекті тарифтері қалай түзетілетінін түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мамыр айында энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын өндіруге арналған шекті тарифтерін қайта қарау жоспарланған (қолданысқа 2023 жылғы 1 маусымнан бастап енгізіледі!).

Өтінімдерді қарау кезінде әрбір жеке жағдайда жеке тәсіл қолданылды. Энергия өндіруші ұйымдарды негізгі және қосалқы жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды ауқымды жөндеу жүргізе отырып, алдағы жылыту маусымына дайындаумен байланысты уақтылы шешуді талап ететін өтінімдер назарға алынды.

"Қазіргі уақытта Қазақстанның энергия өндіруші ұйымдарының генерациялаушы қуаттарының тозуы шамамен 58%, бұл ретте бірқатар ЖЭО-да тозу деңгейі 90%-ға дейін жақындайды. Бұл Степногор ЖЭО – 82%, Риддер ЖЭО – 75%, Орал ЖЭО – 86%. Жыл сайынғы тозудың өсуі – жөндеу жұмыстары ЖЭО сенімділігі мен апатсыздығын қамтамасыз ету үшін қажетті көлемде емес, тек тарифте көзделген көлемде ғана жүргізілетініне байланысты", делінген министрлік хабарламасында.

Жалпы алғанда, ведомсвоның хабарлауынша, шекті тариф жобасы алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындықты, материалдар мен жабдықтар құнының өсуін, сондай-ақ энергия өндіруші ұйымдарға тәуелсіз, оның ішінде отын мен оны тасымалдау құнының артуына байланысты шығындарды ұлғайтуды көздейді.

Шекті тариф жобасында өндірістік персоналдың жалақысының ұлғаюы да ескеріледі. Бұл энергетикалық кәсіпорындардан экономиканың аралас салаларына жоғары білікті мамандардың кетуін тоқтатуға бағытталған.

Сонымен қатар энергия өндіруші ұйымдардың шекті тарифтерін арттырудың халықтың әлеуметтік әл-ауқатына әсеріне талдау жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу