Ердоған: Зілзала болған аймақта жаңа 270 мың тұрғын үй салынады

761

Түркия президенті Ердоған жер сілкінісінен зардап шеккен тұрғындарының алдында сөз сөйледі.  

Ердоған: Зілзала болған аймақта жаңа 270 мың тұрғын үй салынады Фото: aa.com.tr

6 ақпандағы жойқын жер сілкіністерінен зардап шеккен Түркия провинцияларын қалпына келтіру процесі осы жылдың наурыз айында басталады.

Бұл туралы Президент Режеп Тайып Ердоған сейсенбіде Газиантеп провинциясындағы Нұрдағы қаласына барған кезде хабарлады, деп жазады inbusiness.kz AA сайтына сілтеме жасап.

Президенттің айтуынша, бір жыл ішінде Түркияның он бір провинциясының қалаларында 200 мыңға дейін үй салу жоспарлануда. Ал апат аймағындағы ауылдарда тағы 70 мың үй салынады.

Мемлекет басшысы соңғы апталарда тек Газиантеп провинциясынан елдің басқа аймақтарына 87 мың тұрғын эвакуацияланғанын хабарлады.

Түркия президенті Газиантептің апатқа ұшыраған аудандарын қалпына келтіру барысында провинцияның тарихи ерекшеліктері мен этникалық картасы ескерілетінін айтты.

Ердоған халық пен мемлекеттің бірлігі арқасында бұл апаттың зардабын еңсереруге болатынына сенім білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу