"Ерлі-зайыпты 2 жылдан арқалады": Атышулы блогерлер Жанабыловтар сотталды

1361

Бұл қылмыстық іске нүкте қойылды.  

"Ерлі-зайыпты 2 жылдан арқалады": Атышулы блогерлер Жанабыловтар сотталды Фото: instagram.com/zhanabylov_e

Астанада ерлі-зайыпты блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенова қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ерболат Жанабыловқа мүлкі тәркілене отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 63-бабы 1-бөлігіне сәйкес, оған тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасы шартты деп есептеліп, пробациялық бақылау белгіленді. Оның жұбайы Эльмира Төлегенова 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Кішкентай балаларының болуына байланысты үкімнің орындалуы 2 жылға кейінге шегеріліп, жазасын қауіпсіздігі төмен мекемеде өтейді.

Бұған дейін прокурор Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованы 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Бүгінгі сот отырысында мемлекеттік айыптаушы сұраған жаза мерзімін жұмсартты. Айыпталушылар 247 млн теңге көлемінде келтірілген мүліктік шығынды өтегені белгілі болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу