"Ешқандай кешірім болмайды": Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысындағы атысқа байланысты мәлімдеме жасады

593

Күдіктілер заң аясында жауапқа тартылады. 

"Ешқандай кешірім болмайды":  Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысындағы атысқа байланысты мәлімдеме жасады Фото: Үкімет

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Мойынқұм ауданындағы атысқа байланысты үндеу жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өңір басшысы Мойынқұм ауданындағы оқиға басты назарда екенін айтты. 

"Жастар арасында болған құқықбұзушылыққа байланысты тиісті органдар шұғыл әрекет етуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіпті сақтау – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Бұл істе ешқандай кешірім болмайды – күдіктілер заң аясында жауапқа тартылады. Жастар – ел болашағы. Сондықтан тәртіп пен заңды сақтау, адамгершілік пен жауапкершілікті сезіну – әрбір жастың борышы. Қоғамдағы тыныштық пен бейбіт өмір – өзара құрмет пен мейірімнен басталады", – деп жазды Ербол Қарашөкеев әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Облыс әкімі жастарды тәртіпті болуға, бір-біріне сыйластықпен, түсіністікпен қарауға, арандатушылықтан аулақ болуға шақырды.

"Біздің басты мақсатымыз – қауіпсіз, әділетті және бірлікке негізделген қоғам құру", – деп атап өтті аймақ басшысы.

Айта кету керек, бұған дейін Жамбыл облысында атыс болып, 4 адам жарақат алғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу