Ескі теңгені жаңаға ауыстыру 3 қазанда аяқталады

2639

Ескі теңгені жаңаға ауыстыру 3 қазанда аяқталады

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2017 жылғы 3 қазанда екінші деңгейдегі банктердің 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды айырбастау кезеңінің аяқталуы туралы хабарлайды.

Сонымен қатар, аталған банкноттар Ұлттық банктің барлық филиалдарында 2020 жылдың 3 қазанына дейін комиссиялық төлемсіз немесе айырбастау төлемінсіз айырбастау үшін қабылданатын болады.

Аталған мәселеге байланысты қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда қаржылық қызмет тұтынушыларының құқығын қорғау және ішкі байланыс басқармасының телефондарына: +7 (727) 2788 058, 2619-234, 2704-585 және қолда бар ақшамен жұмыс жөніндегі басқарманың телефондарына: +7 (727) 270 45 69 хабарласып, ақпарат алуға болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу