Эстония ел азаматтарына Ресейге бармауға кеңес берді

518

Эстония Ресеймен арадағы шекараны жаппақ.

Эстония ел азаматтарына Ресейге бармауға кеңес берді Фото: Arved Breidaks

Эстония билігі мигранттар ағынына байланысты Ресеймен арадағы шекараны уақытша жауып тастауы мүмкін екенін айтып, өз азаматтарын көрші елге бармауға шақырды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Эстонияның Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде "Ресейден туындайтын ықтимал миграциялық қысымға байланысты қысқа мерзімде шекаралық бақылау бекеттері уақытша жабылуы мүмкін" делінген.

Осыған байланысты журналистермен тілдескен ведомства басшысы Маргус Цахкна енді Ресейге бармау ұсынылатынын жеткізді.

"Егер Эстония өз шекарасын жабатын болса, Ресейде уақытша жүрген азаматтар кері қайта алмайды", - деді ол.

Айта кетсек, бұған дейін Финляндия да Ресейден ағылған мигранттарға байланысты шекара бекеттерін жабатынын мәлімдеген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу