Эстония Премьер-Министрі: Еуропаны Киевке көмектесуге көндіру қиындап барады

430

Эстония Премьер-Министрі Кая Каллас республика парламентіне сайлау жарысының қызған шағында Financial Times газетіне сұхбат берді, деп хабарлайды Inbusiness.kz EADaily Балтық тілшісіне сілтеме жасап. 

Эстония Премьер-Министрі: Еуропаны Киевке көмектесуге көндіру қиындап барады Фото: api.delfi.ee

Каллас Батыс одақтастары арасындағы бірлікті сақтау қиынға соғады деп қынжылды, өйткені "кейбір еуропалық көшбасшылар қақтығыстың қандай жолмен болсын, әйтеуір, тоқтатылғанын қалайды".

Премьер тағы да трансатлантикалық саяси, экономикалық әрі әскери ынтымақтастық бойынша серіктестерді Ресейдің қауіп-қатері алдында "бірлікті сақтауға" шақырды.

Республика Үкіметі 2023 жылға арналған басты міндет ретінде "Ресейдің әскери жеңілісін" белгіледі.

Таллинде мұндай сұхбатты сайлаушылар алдында ұпай жинау деп бағалады. Kantar Emor социологиялық қызметінің сауалнамасына сәйкес, Каю Калласты сайлаушылардың 40%-дан астамы ғана келесі премьер-министр ретінде көреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу